Қарағандыда Сириядағы жанкештілерді емдеуді жоспарлаған әйел сотталды

Zakon.kz
Енді әйел өмірінің 9 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Бүгін Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 29 жастағы жергілікті тұрғынды ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау» 3-бөлімі, 58-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Сот шешімі бойынша енді ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінің құрылымында өтейді.

Айта кетсек, Жансая Таңатарованың күйеуі де экстремизм бабы бойынша айыпталып, бұған дейін сотталып кеткен. Күйеуінің жолын әрі қарай жалғастырмақ болған әйел ДАИШ лаңкестік ұйымына қосылып, оның сапына жас жігіттерді тартпақ болған. Ол 17 жастағы қайнысы Сағи Жолдыбаевқа жалған құжат жасап беруге уәде беріпті және оны жасырын жолмен Сирияға жібергелі жатқанда Қауіпсіздік комитетінің құрығына ілінді.

Мемлекеттік айыптаушылар Жансаяның Сирияға шығу жоспарын тізбектеп үлгерді. Мамандардың айтуынша, әуелі Қарағандыдан Жамбыл облысына баруы тиіс болған әйел шекара асып, Қырғызстанға ұшуды ойластырыпты. Кейін Ыстамбул қаласына аттанып, сол жердегі лаңкестермен Сирия Араб Республикасына кетуді жоспарлаған.

Енді лаңкестерге қол ұшын бермек болған әйел өмірінің 9 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды