Алматыдағы Назарбаев даңғылы ұзартылады

Тoday.kz
Алматыдағы Назарбаев даңғылы Жансүгіров көшесіне дейін созылады.

Алматыдағы атауы жақында ғана өзгерген Назарбаев даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жансүгіров көшесіне дейін ұзартылатын болды. Бұл туралы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исахов Аймақтық байланыс қызметіндегі баспасөз конференциясынан кейін айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Биыл Алматыдағы 89 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Қаланың әлеуетін көтеру үшін біз көлік жолдарын салып жатырмыз. Мысалы, 2017 жылы Абай даңғылын Әуезов көшесінен бастап қала сыртындағы "Қалқаман" ықшам ауданына дейін созып, қолданысқа бердік. Қазір Назарбаев даңғылының теміржолы арқылы Жансүгіров көшесіне дейінгі ұзарту жұмыстары жобаланып жатыр", - дейді Мақсұт Исахов.

Көлік қозғалысы көп болатын Жароков, Зорге, Марков, Мұстафин, Солтүстік шеңбер, Абай, Мақатаев, Яссауи, Гагарин, Назарбаев, Майлин, Шәріпов, Байтұрсынов, Қабанбай батыр және Жамбыл көшелеріне де жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалады.

Сондай-ақ Мақсұт Исахов 2017 жылы Алматыда 184 шақырым көше жөнделгенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды