БҚО-да жел екі әлеуметтік нысанның шатырын ұшырып әкетті

Хабар 24
Барлық көліктерге шектеу қойылды.

Күн райының қолайсыздығынан Батыс Қазақстан облысында бірнеше оқыс оқиға тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24.

Зеленов ауданында жылдамдығы 25 метрге дейін жеткен жел 2 әлеуметтік нысанның жабынын ұшырып әкетті. Белес ауылында білім ордасы шатырсыз қалса, Новенький ауылында мәдениет үйінің төбесі зақымдалды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы комиссия құрылып, келген шығынның көлемі нақтыланып жатыр. Сондай-ақ кеше кешкісін боранға байланысты Тасқала ауылынан Ресейдің Саратов облысының шекарасына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазір жол ашық. Облыста күре жолдардың бойында 34 жылыту бекеті ұйымдастырылған.

- Барлық көліктерге шектеу қойылды. Бұл бойынша ақпарат СМС хабарлама арқылы тұрғындарға жеткізілді. Тұрғындарға айтарымыз, ауа райының қолайсыздығына байланысты СМС хабарлама келген кезде, әсіресе жолдың жабылуы жөнінде болса, алыс жолға шықпауларын сұраймыз, деді облыстық ТЖД бөлім басшысы Марс Отаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды