Дубай-Алматы рейсінің ұшағы Шымкентке шұғыл қонды

ҚазАқпарат
Жолаушылардың бірі науқастанып қалуына байланысты қонуға мәжбүр болды.

Дубай-Алматы бағытындағы әуе рейсінің ұшағы науқас келіншекке бола Шымкентке қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы шетелдік әуекомпанияның ресми өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуе компанияның мәліметінше, борт бағытын бір күнде екі рет өзгерткен.

«Алматыға бағыт алған FlyDubai FZ735 рейсі ауа райының қолайсыздығынан бастапқыда Ташкентке қарай ұшқан. Алайда жолаушылардың бірі науқастанып қалуына байланысты Шымкентке қонуға мәжбүр болды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, келіншек Шымкент қаласында қалдырылды. Содан кейін ұшақ Алматыға қарай ұшып шықты. Жолаушылардан қолайсыздықтар туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз», -делінген хабарламада.

Шымкентте қалған науқас әйелдің жағдайын дәрігерлер айтып берді. Жедел жәрдем қызметі мамандарының сөзінше, 30 жастағы Дубай қаласының тұрғыны эпилепсиямен аурады.

«Жедел жәрдем қызметін таңғы 06.22-де шақыртқан. Дәрігерлер 06.30-да келіп жетті. Себебі, станса әуежайға жақын орналасқан. Науқасты қарау барысында оның талмамен ауыратыны анықталды», - деді дәрігерлер. Олардың айтуынша, науқас әйел ауруханаға жатып ем қабылдаудан бас тартқан.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды