Бақтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының директоры болып тағайындалды

ҚазАқпарат
Бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.

Қазақ боксының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Astana Arlans» бокс клубының директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», - деп хабарлады Артаев телефон арқылы.

Айта кетсек, Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында өмір есігін ашқан. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды