Олимпиада қалашығында Қазақстанның Туы көтерілді

ҚазАқпарат
Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Қазақстанның туы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

XXIII қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында өткен ту шығару рәсімінде спортшыларды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бастап шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына екі күн қалды. Қазір қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Ақ Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 9 ақпанда, ал жабылу рәсімі 25 ақпанға жоспарланған.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды