Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Sputniknews.kz
Алдағы екі тәулікте көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикадағы ауа райының өзгеруін анықтайтын кең ауқымды антициклон Батыс Сібірге қарай баяу жылжуда, енді күн жылынып, онымен бірге аяз да сынады. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны құрылады.

Сондықтан алдағы екі тәулікте көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ал 10 ақпанда жағдай өзгереді: солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардағы биіктік циклонының ықпалынан, кейбір жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды