Олимпиада-2018: Юлия Галышева финалға өтті

en.people.cn
Юлия Галышева 76, 36 ұпаймен жетінші орынды иеленді.

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Пхёнчхан қаласындағы Олимпиада ойындарында жарысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 76, 36 ұпаймен жетінші орынды иеленді. Спортшылардың алғашқы ондығы финалға жолдама алды. Ел намысын қорғап жүрген 16 жастағы Аяулым Әмренова 52,78 көрсеткішпен 26-шы орынды иеленді. Француздық Перрин Лаффонт 79,72 ұпаймен топ жарды.

"Жол мұз. Төрт күн бойы оны қалайда жаюға тырыстық, бірақ бәрібір де жағдай дұрыс жасалмаған. Негізінен, мен нәтижеге қуаныштымын, енді жігіттеріміздің сайысқа түскенін күтеміз. Ертең жоспар бойынша жаттығу болады. Финалға дайындаламыз», - дейді Юлия Галышева.

"Бастапқыда көз жасыма ерік бергім келді. Қазір бәрі басылды. Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Негізінде мен қуаныштымын. 11 ақпан күні тағы бір мүмкіндік болады. Жалпы түрлі сезімді бастан кешірудеміз", - деді Аяулым Әмренова.

Все новости по теме читайте здесь.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды