Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды

Sputniknews.kz
Ресейге кетіп бара жатқан Өзбекстан азаматтары құтқарылды.

Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция ведомствосының мәліметінше, Павлодар-Қызылорда автожолында Достық ауылы маңында 55 жолаушысы бар автобус сынып қалған, олардың бәрі Өзбекстан азаматтары екен.

Оларға көмекке жергілікті полиция қызметі аттанып, тоңып қалған жолаушыларды Достық ауылының мектебіне орналастырды. Жолаушыларға ас-су беріп, екінші автобуспен Ресей шекарасына жеткізіп салған, ал ол жерде ресейлік автобус Өзбекстан азаматтарын әрі қарай алып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды