Ақмола облысында тілсіз жау 3 адамның өмірін қиып кетті

ҚазАқпарат
Оқиға 10 ақпан күні таңғы уақыт 08:00-дер шамасында Ақкөл қаласында болған.

Ақмола облысында жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен 3 ересек адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, оқиға ағымдағы жылдың 10 ақпан күні таңғы уақыт 08:00-дер шамасында Ақкөл қаласында болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде 1958, 1971 және 1986 жылдары туған үш ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі кезде, оқиғаның себеп-салдары анықталуда», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды