Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейеді

Sputniknews.kz
Кей жерде қар жауып, жел күшейеді.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды