Астанада шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады

Baq.kz
Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

17 ақпанда елордада жыл сайын өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі басталады. Дәстүрлі шаңғы жарысына 2000-нан астам адам қатысады, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі аясында қатысушылар шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту және мотокросс сынды спорттың бірнеше түрінен әртүрлі жас санатында күш сынасады. Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

«Дәстүрлі «Қыс өрнегі» - фестивалі елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға. Ол отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Фестиваль қатысушылары Астананың Триатлон саябағында сағат 10:00-ден бастап тіркелуі тиіс», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды