Аягөзде бойжеткен қарияны соққыға жықты

ҚазАқпарат
Жедел ісздестіру шараларының арқасында тонаушының 22 жастағы бойжеткен екені анықталды.

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында 77 жастағы жалғызілікті қартты бойжеткен тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«102» нөміріне хабарласқан ақсақал белгісіз адамның өзін талдырып, ақшасын алып кеткенін айтып хабарласқан. Түнгі сағат 01.00 шамасында тысқа шығып, қораға беттеген қарияны медициналық бетперде таққан адам талдырып кеткен. Қарияның қалтасында 90 мың теңге болған екен. Жедел ісздестіру шараларының арқасында тонаушының 22 жастағы бойжеткен екені анықталды. Ауылға қонақ боп келген тонаушының жалғызілікті қарияның қалтасында ақша барын қайдан білгені белгісіз.

Күдікті сасқалақтап жүріп, бір қолғабын оқиға орнында түсіріп алады. Осы қолғап оның соңына түсуге себепкер болған.

Қазір бойжеткенге бұлтартпау шарасы қолданылуда. Ол өз кінәсін толық мойындаған. ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды