Пойызда жарты миллион теңгені ұрлаған жолаушы ұсталды

www.inform.kz
Күдікті өз айыбын толықтай мойындап отыр.

Көлік полициясының қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында жарты миллион теңгені ұрлады деген 40 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында ұрлық жасаған Қарағанды облысының 1978 жылғы тұрғыны анықталып, күдікті дереу ұсталған.

«Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлеріне 37 жастағы азамат хабарласып, оның сыртқы киімінің қалтасынан белгісіз біреу 480 мың теңгесін ұрлап кеткендігі туралы шағымданған», делінген хабарламада.

Заттай айғақ ретінде ақша тәркіленген. Күдікті өз айыбын толықтай мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды