ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Stan.kz
Мектеп формасын оқушылар ғана емес кей мұғалімдер де сақтамай келген.

ОҚО-да мектеп формасын сақтамаған 130 оқушының ата-анасына әкімшілік айыппұл салынады. 400 оқушы орамал және тағы басқа діни киімдер киіп жүр. Оларды полицейлер бақылауға алған. Бұл туралы Stan.kz TVK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ОҚО білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықұлы брифинг өткізді.

Шындығында, мектеп формасын оқушылар ғана емес кей мұғалімдер де сақтамай келген.

«Қазір орамал таққан 398 оқушы бар. 2017 жылы қаңтрда олардың саны 600 болды. Өткен жылы Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал аудандарда 28 мұғалім орамал таққан. Қазір тек 6 мұғалім мұсылман киімінде сабақ беріп жатыр. Білім министрлігінің заңына бағынбаған 130 ата-ана әкімшілік жазаға тартылады”, - дейді ол.

83-мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсауы ҰБТ сынақ тестімен байланысы бар ма деген сұрақ қойылды.

«ҰБТ-ның суицидке түк қатысы жоқ. Біз олардың ҰБТ-ға дайындалуына ақша жұмсамауы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Егер ата-аналар қаласа ақылы дайындалуына құқығы бар», – дейді Истай Сағындықұлы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды