Алматыдан Атырауға ұшқан "Bek Air" ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

alimzhan.blogspot.com
Ұшақ бортында өрт болды деген ақпарат жоққа шығарылды.

Алматыдан Атырауға ұшқан "Bek Air" ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Bek Air" компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов берген мәліметінше, 2105 рейстегі ұшақ Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшқан, биіктікке көтерілген соң салонның қысымы төмендеп кеткен.

"Негізінде, командир сәл төмен биіктікте ұша беруге құқылы еді, бірақ Атырауға ұзақ ұшатын болғандықтан, Таразға қонуға шешім қабылдады. Қазір Алматы әуежайынан резервтегі борт жіберіледі, Тараздағы барлық жолаушыны сол ұшақпен Атырауға жеткіземіз. Нақты мәлімет анықталып жатыр" - деп хабарлады Омаржанов.

Қазір интернет желісінде бортта болған өрт жайында таралып жатқан ақпаратты авиакомпания басшысы жоққа шығарды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды