ОҚО-да жас жігіт кішкентай екі баланы талдырып, үйін тонап кеткен

Sn.kz
Үйде 6 және 12 жасар екі баланың бар екенін көрген күдікті екеуін де қылқындырып талдырып тастаған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт қолға түсті. Ол жергілікті тұрғынның үйінен алтын және бағалы дүниелерін қолды еткен, деп хабарлайды Sn.kz.

Күдікті үйге баса көктеп кіргенде үйде 6 және 12 жасар екі баланың бар екенін көрген және екеуін де қылқындырып талдырып тастаған. Кейін аяқ-қолдарын байлап, өзі бөлмелерден алтын бұйымдарын іздепті. Жәбірленген отбасыға келтірілген материалдық шығын көлемі жарты миллион теңгені құрайды.

Ордабасы АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің 20-25 жас шамасындағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған жайт негізінде қарақшылық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды