Байбек медициналық қызмет туралы: 5 минут қарап, 15 минут жазу жазады

Ол ештеңе жазбау керек, бүкіл ақпарат интернетте тұру керек - әкім.

Фото: әлеуметтік желі21 Ақпан 2018, , 11:02

Медициналық қызметтердің сапасы көңілден жиі шыға бермейді. Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дәрігердің қабылдауына келесің, 5 минут қарап, 15 минут жазу жазады. Сол себепті де Мемлекет басшысы цифрландыру туралы айтып жатыр. Ол ештеңе жазбау керек, бүкіл ақпарат интернетте тұру керек", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, цифрландыру жемқорлық құрамды жоққа шығарады.

"Біз талдаулар жүргіздік, бір дәрігер бір ғана дәрі жазып берсе, екіншісі бірден төрт дәрі жазады. Яғни, науқасты "шыр айналдырады", - деді Байбек.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ