Оралман мәртебесінің мерзімі ұзартылмақ

Sputniknews.kz
Мәжілісте халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Атажұртқа оралған қандастардың өтініштері бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы жол ашып берген ұлы көшпен атажұртқа оралған қандастарымыздың тағы бір өзекті мәселесі шешімін тапқалы отыр. Себебі қазіргі таңда шетелден келген мыңдаған оралман объективті және субъективті себептермен қолданыстағы заңнамада қарастырылған бір жыл ішінде Қазақстан азаматтығын алуға қажетті құжаттарын жинап, тапсырып үлгере алмай қиындық көріп жүргендігі белгілі. Бұл жөнінде олар парламентке талай рет хат жазып, оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту жөнінде өтініш білдірген болатын", — деді депутат заң жобасын талқылау барысына.

Осы түйткілді мәселені шешу үшін көші-қон заңына тиісті өзгерту енгізілмек.

"Міне, өзекті мәселені шешу мақсатында халықтың көші-қоны туралы заң жобасының 11-бабына тиісті түзету енгізіліп, алыста келген ағайынның өтініштері бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр", — деді депутат.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды