Денесінен 16 ине табылған нәрестенің жағдайы жақсарып келеді

Sn.kz
Баланың денесінде әлі де үш ине бар.

Денесінен 16 ине табылған сәби туралы ақпарат қаңтар айында тарады. Өзбекстан ауруханаларының біріне ауыр халде 11 айлық сәби келіп түсті. Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, сәбидің денесінен 13 инені алып шықты деп мәлімдейді Stan.kz «Өзбекстан-24» арнасына сілтеме жасап.

Баланың денесінде әлі де үш ине бар. Алайда дәрігерлер қалған үш инені баланың жағдайы тұрақталған кезде алған дұрыс деп отыр.

Қазіргі таңда отадан кейін бір ай уақыт өтті. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бала 6 ақпан күні 1 жасқа толған.

Ал баланың денесіне инелердің қандай жолмен түскені белгісіз. Оны құқық қорғау органдары анықтайтын болады. Бір анығы, ата-анасы сәбидің дене қызуы көтерілгендіктен ауруханаға жеткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды