Шәкәрімнің насыбай шақшасы табылды

Хабар 24
Шақша бертінге дейін қолданыста болыпты.

Семейдегі республикалық Абайдың қорық мұражайы тағы бір жәдігермен толықты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Осыдан бір ғасыр бұрын жасалған Шәкәрім қажының шақшасын ойшыл ақынның Қарағанды қаласындағы жамағайын туыстары табыс етіп отыр. Көне зат жануардың мүйізінен жасалған. Шақша бертінге дейін қолданыста болыпты. Енді мұражай қызметкерлері оны қалпына келтіріп, арнайы көрмеге қоюды жоспарлап отыр.

- Шақшаның сақталуы өте жақсы. Оның өзінің тікелей қолданыста болғаны көрініп тұр. Ішінде насыбайдың қалдықтары бар деуге болады. Бірақ қолданыста болса да көзінің қарашығындай сақтап, бізге осы уақытқа дейін жеткізген Әзімбаевтар отбасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Дәл биыл Шәкәрімнің 160 жылдығына қарсы мұндай жәдігер табылуы үлкен олжа, - деді Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды