Түрікменстанда ұн анықтамамен сатылып жатыр

Baq.kz
Сатушылар ұн сатар кезде анықтама сұрап қана қоймай, тұрғындардың тіркелген мекен-жайын да тексеріп жатыр.

Түрікменстан аймақтарында сатушылар ұн алғысы келген тұтынушылардан аудандық әкімшіліктен алынған арнайы анықтама сұрап жатыр. «Хроника Туркменистана» басылымының мәліметіне сүйенсек, мұндай анықтама әр отбасыға айына бір рет (50 кг) ұн сатып алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz.

Осы шектеулер салдарынан дүкендер алдында кезек көп. Республика аумағында ұн жетіспейді. Дашогузский уәләятындағы ұн тапшылығы мәселесін шешу үшін бұл жерге басқа аймақтардан ұн әкелініп жатыр. Ұннан бөлек, нан сатып алушы тұрғындар да дүкендер алдында кезекке тізіліп тұр.

Сатушылар ұн сатар кезде анықтама сұрап қана қоймай, тұрғындардың тіркелген мекен-жайын да тексеріп жатыр. Яғни ұн мен нан сол аймақтағы тұрғындарға ғана сатылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Түрікменстанда жоспарланған 1 млн 600 мың тонна бидайдың тек бір миллионы ғана жиналған. Шенеуніктер президенттен ескерту алды. Осының салдарынан бүгінгі таңда аталған аймақта ұн жетіспеушілігі көрініс тауып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды