Қазақстандық шорт-трекші 500 метрге жүгіру сайысында жартылай финалға шықты

gdb.rferl.org
Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша келесі кезеңге өтпей қалды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, аталған сында өнер көрсеткен тағы екі спортшымыз Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша келесі кезеңге өтпей қалды. Денис өзінің тобында үшінші орынды иеленді (ары қарай екі үздік спортшы өтті), ал Нұрберген мәреге соңғы болып жетті.

Отандасымызбен бірге жүгірген венгриялық спортшы ереже бұзып, Абзалға кедергі жасағандықтан оған пенальти берілді, нәтижесінде Абзал Әжғалиев жартылай финалда өнер көрсету үшін қосымша мүмкіндікке ие болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды