Қалалық бейнебақылау жүйесі енді қар тазалау сапасын да бақылайды

astana.gov.kz
Қыс басталғалы астананың үш ауданынан полигонға 2 421 266 текше метр қар шығарылған.

Астана мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қаладағы қар тазалаудың сапасын бақылайтын болды. Коммуналдық қызметтің жұмысын мониторингілеу қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен онлайн режимде жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

3000-ға жуық камера қаладағы жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын бақылайды. Тазаланбаған ауланы анықтаған жағдайда мониторинг орталығының операторлары ол жерге қар тазалайтын көлік пен жұмысшыларды жібереді. Тұрғындарға қолайлы болу үшін қаланың коммуналдық қызметіндегі қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүреді.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, қаланы қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 256 арнайы техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы астананың үш ауданынан полигонға 2 421 266 текше метр қар шығарылған.

«Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселеге қатысты, оның ішінде қар шығару үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, саІІ-орталықтағы 109 номеріне қоңырау шалуға болатынын еске салады», - делінген әкімдік сайтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды