Әскерге 35 мыңдай қазақстандық шақырылмақ

Хабар 24
Қорғаныс министрлігінің өкілдері өткен жылғы жұмысты қорытындылап, биылдықтың жоспарын пысықтады.

Отан алдындағы борышын өтеу үшін биыл шамамен 35 мың қазақстандық азамат әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департамент басшысы Муслим Даиров осылай деді. Қорғаныс министрлігінің өкілдері өткен жылғы жұмысты қорытындылап, биылдықтың жоспарын пысықтады. Бұдан бөлек, жиын барысында әскердің жасақталуы, медициналық комиссиялардың жұмысы мен мектепте ұйымдастырылатын алғашқы әскери дайындық шаралары да сөз болды.

- Астана мен Алматы және облыстардағы әскерге шақыру және әскери-дәрігерлік комиссиялардың төрағалары, қорғаныс істері департаментінің басшылары мен орынбасарларына нақты тапсырмалар берілді. Жалпы, биыл Қарулы Күштер қатарына 35 мың азаматты шақыру көзделіп отыр, деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабының департамент басшысы Муслим Даиров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды