«91» тобының продюсері енді «Қазақстан» арнасында жаңа реалити-шоу жасамақ

Сурет: zakon.kz
Ерболат Беделханның жетекшілігімен қыздар арасындағы q-pop бағыты бойынша реалити-шоу эфирге шығады.

«91» тобының продюсері Ерболат Беделхан «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында жаңа реалити-шоу жасамақ. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазмедиада» өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Біздің жас аудиторияға дайындап отырған арнайы сыйымыз бар. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары елімізде қазіргі заманғы қазақ музыкасының түрлі бағыттары кең дамуда. Соның бірі – q-pop бағыты. Осы бағыт бойынша біз арнайы дайындаған жобамыз бар», – деді Қарин.

«Ерболат Беделханның жетекшілігімен қыздар арасындағы q-pop бағыты бойынша орындаушыларды іріктеуге бағытталған реалити-шоу эфирге енетін болады», – деді ол. Жастарға арналған жаңа реалити-шоу «Q-pop Idols» деп аталмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды