Неапольде 1956 жылдан бері алғаш рет қар жауды

Baq.kz
Аяқ астынан жауған қарға тұрғындар мәз.

Ауа райының қолайсыздығынан италиялықтар келеңсіз жағдайларға тап болды. Дүйсенбі күні қалың қар жауып, Римдегі халықты әбігерге салды. Ал сейсенбі күні таңертең оңтүстікте – Неапольге 1956 жылдан бері алғаш рет қар түсті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Италияда аумағы жағынан үшінші орында тұрған Неаполь қазір қар құрсауында қалды. Соңғы рет мұндай табиғи құбылыс 1956 жылы болған.

Аяқ астынан жауған қарға тұрғындар мәз. Балалар мектепке барудың орнына далада қар атысып ойнап жүр. Өйткені қалалық білім департаментінің бұйрығымен мектептегі сабақтар болмайды. Тек Неаполь билігіне табиғи өзгерістен кейін біраз жұмыс істеуге тура келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды