Астана әуежайы су астында қалуы мүмкін

ҚазАқпарат
Майбалық көлі аумағында елорданың әуежайын су басу қаупі сақталып отыр.

Астана әуежайын су басу қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есіл өзені арнасының Ақмола облысы аумағындағы төменгі жағынан су жіберу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бүгінгі күні жеткіліксіз болып отыр. Майбалық көлі аумағында елорданың әуежайын су басу қаупі сақталып отыр. Сондықтан артық суды бұру үшін нысан салу бойынша қажетті шаралар қабылдау талап етіледі», - деді Юрий Ильин Мәжілістегі «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» дөңгелек үстел отырысында.

Сонымен қатар вице-министр өткен жылы Атбасар қаласын су басқандығына да жан-жақты тоқталып өтті. Оның айтуынша, судың деңгейі 590 млн текше метрге жетіп, қорғаныс құрылғысын бұзып кеткен.

«Қазіргі уақытта еліміздің бүкіл аумағындағы иесіз гидротехникалық құрылғылар проблемасы шешіліп жатыр. Олардың саны 46-ға жуықтайды. Басым бөлігі Алматы мен Маңғыстау облыстарының аумағында орналасқан. Аталған өңірлерде 13-тен қараусыз құрылғылар бар», - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды