ОҚО-да оқуға түсуге көмектесемін деп ақша алған алаяқ ұсталды

Stan.kz
Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады.

ОҚО тұрғындарын бейтаныс адам оқуға түсіріп беремін деп, ақшасын алып жоғалып кеткен. Осы туралы айтып жергілікті тұрғындар полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретінін уәде етіп, 700 мың теңгесін алып, жоғалып кеткен.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол 25-30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы бары анықталды.

Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды