Қызылордада вирусты гепатитке шалдыққандар көбейген

Сурет: zakon.kz
Қазір қала мектептерінде тексеріс шаралары жүргізілуде.

Қызылорда қаласында ата-аналарының түбегейлі бас тартуы салдарынан түрлі ауруларға қарсы егуден тыс қалған балалар саны артып тұр. Қазір олардың саны 82 баланы құрайды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Қызылорда қаласында А вирусты гепатитінің эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз деп бағаланып отыр. Өйткені, оған шалдыққан оқушылар қатары өсуде. Үстіміздегі жылы мұндай 9 ауру дерегі тіркелген еді. Ол былтыр бар-жоғы 4 деректі құраған. Осыған орай қазір қала мектептерінде тексеріс шаралары жүргізілуде. Талапқа сай емес білім ошақтарына хаттама толтырылған.

«Аталған науқасқа шалдыққан оқушылардың жұқпалы вирусты А гепатитіне қарсы егілмегені белгілі болды. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған мектептерде эпидемиологиялық көрсеткішке байланысты қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі 961 баланың 751-не екпе егілді. Екпенің тиімділігі туралы мектеп басшылығымен бірлесе отырып, одан бас тартқан ана-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Сыздықова.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды