Алаяқ өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып ақша алған

Baq.kz
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

ҰҚК-нің қызметкерімін деп алдаған ер адам сыбайлас жемқорлық үшін сотталған жігіттің әкесіне оны босатуға көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың желтоқсан айында ұлы сыбайлас жемқорлықпен сотталған Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтан зардап шекті. Алаяқ өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, заңсыз ақша алған.

«Азамат А. жәбірленушінің әкесіне хабарласып, өзін ҰҚК-нің қызметкері ретінде таныстырған. Қылмыстық іс материалдарымен танысып, оның ұлының кінәсіз екеніне сенімдімін деген. Сондай-ақ, оны ақтауға және босатуға 210 мың теңге көлемінде қаражат қажет екенін айтқан», - деп түсіндірді Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының қызметкерлері.

Ер адам оған сеніп, бірнеше рет ақша жіберген.

Сот қылмыскерді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық фактісі) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды. Ол үш жыл жеті айға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды