Сирия мен Ирактан 45 бала елге қайтарылды – Жанат Сайполтаев

Baq.kz
Ирак пен Сирияда болған 125 қазақстандық елге оралды, оның 57-сі сотталған.

Үкімет отырысынан кейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Антитеррорлық орталығы басшысы Жанат Сайполтаев Сирия мен Иракта соғысқан қазақстандықтардың қанша баласы елге оралғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Алдымен Антитеррорлық орталықтың басшысы Ирак пен Сирияда болған 125 қазақстандықтың елге оралғанын, оның 57-сі сотталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Жанат Сайполтаев қанша баланың соғыс аумағынан елге жеткізілгеніне тоқталды.

«Сирия мен Ирактың аумағында соғысқа қатысқан қазақстандықтардың әйелдері мен балалары бар. Жалпы елге 45 бала оралды», - деді Жанат Сайполтаев БАҚ өкілдеріне.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды