ҰҚК: жасөспірім Халық банкіне хакерлік шабуыл жасаған

Zakon.kz
Кәмелеттік жасқа толмаған хакер – Қазақстан азаматы, ол айыбын мойындап, банкке өтемақы төледі.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ ақпараттық ресурстарына 2016 жылы қарашада кибершабуыл жасалып, қызметіне нұқсан келтірілу жайтын тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 210-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Жедел-іздеу шаралары нәтижесінде ҚР азаматы Е.А.С. ұсталды. Ол сараптамалар жүзінде дәлелденген бұлтартпас айғақтарға байланысты айыбын мойындады", — деп хабарлайды комитет.

Ведомство атап өткендей, айыптының кәмелеттік жасқа толмағанын, бұрын сотталмағанын, жәбірленуші тарапқа өз еркімен шығынды өтегенін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық беруді ескере отырып Е.А.С. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды