Астанада мас әке 11 жастағы қызын соққыға жыққан

kaz.tengrinews.kz
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, стационарлық ем алуын жалғастырып жатыр.

Мас әкесі соққыға жыққан 11 жастағы қыздың жағдайы тұрақты. Бұл жайында Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, 10 наурыз күні кешкі сағат 21-25-те №2 қалалық балалар ауруханасына анасымен бірге 11 жастағы қыз бала келген.

«Анасының айтуынша, қызды мас әкесі соққыға жыққан. Баланы №2 қалалық балалар ауруханасының нейрохирургі тексеріп, бас миы шайқалу диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, стационарлық ем алуын жалғастырып жатыр», - делінген денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды