Алматы облысында туған бауырын өлтірген шетелдік сотталды

ҚазАқпарат
Туған бауырының үйіне қонаққа келген ол мастықпен туысын өлгенше сабап тастаған.

Алматы облысының Панфилов ауданында Жаркенттің тұрғынын өлтірді деген күдікпен 75 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2017 жылдың қазанында болған. Облыстық ІІД мәліметінше, Жаркенттегі жер үйлердің бірінен егде жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнынан полицейлер марқұмның жақын туысын ұстады. Тергеу барысында ол ауыр қылмыс жасағанын мойындады.

«Күдікті 1942 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Туған бауырының үйіне қонаққа келген ол мастықпен туысын өлгенше сабап тастаған. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106 бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді полиция.

Панфилов аудандық соты қылмыскерді 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды