Ақтауда салмағы 6 кг болатын нәресте дүниеге келді

Baq.kz
Ол перинаталды орталықта жыл басынан бері өмірге келген ең ірі бала болып шықты.

Нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Оның салмағы 5,8 келі болса, бойының ұзындығы 62 сантимер, деп хабарлайды Baq.kz.

Сәби жетінші наурыз күні кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Ол перинаталды орталықта жыл басынан бері өмірге келген ең ірі бала болып шықты.

«2016 жылы салмағы төрт келіден асатан 864 сәби өмірге келді. Ондай салмақтағы баланың саны 2017 жылы 960 болды. Биыл алып денелі 56 нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Баланың ірі болып туылуы тұқым қуалау, ананың ағзасындағы зат алмасу үрдісінің бұзылуы, генетикалық ауытқу сияқты әртүрі себептерден болады. Бұл ешқандай ауру түріне жатпайды, бірақ ананың босануына кері әсер етуі мүмкін. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, алып денелі сәбилердің 80 пайызы өмірге табиғи жолмен және ешқандай қиындық тудырмай келеді», - дейді Ақтау қалалық перинаталды орталығының директоры Ғалия Балжігітова.

Оның айтуынша, Ақтау қалалық перинаталды орталығында 19 жасар келіншек салмағы 1,94, бойы 45 сантиметрлік ең кішкентай нәрестені дүниеге әкелген. Негізі сәбидің орташа салмағы 3,5 – 3,5 аралығында болуы керек. Жыл басынан бері орталықта 1 137 сәби жарық дүние есігін ашқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды