19 жасар қарағандылық Қытайда студенттер жатақханасында көз жұмды

nv.kz
Жас жігіт Қытайдың Чанжоу қаласында оқыған

Қарағандының он тоғыз жасар тұрғыны Чанжоу қаласындағы студенттер жатақханасында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Валерий Катиев Қытайдағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Екі апта бұрын ол Қарағандыда ата-анасының үйінде демалысын өткізіп, бірнеше күннен кейін Чанжоуға қайта оралған. Жатақханада ол досымен бірге тұрыпты.
Ұлының қаза болғанын ата-анасы 12 наурызда естіген, алдын ала мәлімет бойынша, жігіт уланып қалған.

"Бізге кеше кешке ұйқыға жатарда оның жағдайы нашарлағанын айтты. Таңертең тұра салысымен балконды ашқан. Досы оны төменге алып түсіп, сол жерде адамдар "жедел жәрдем" шықырған. Дәрігерлер Валерийдің өмірін ажалдан арашалап қала алмады", — деді марқұмның досы Анастасия Герасимова.

Валерийдің әкесі 13 наурыз күні Қытайға жүріп кеткен. Қаза болған студент Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды, сондықтан Қазақстанның СІМ мәйітті жеткізуге көмектесе алмайтындықтарын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды