Қостанай облысында сотталған әйелдер арасында «Көктем аруы-2018» байқауы өтті

Baq.kz
Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты - мекемеде салауатты өмір салтын ұстану, эстетикалық тәрбиелеу.

Қостанай қаласында орналасқан УК-161/11 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемеде көктем мерекелеріне арналып жазасын өтеуші әйелдер арасында «Көктем аруы-2018» байқауы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты - мекемеде салауатты өмір салтын ұстану, эстетикалық тәрбиелеу. Яғни жазасын өтеп жатқан әйелдердің бос уақытын осындай түрлі тәрбиелік іс-шараны ұйымдастыру арқылы оңтайлы өткізу.

«Әдетте мұндай конкурстар болғанда қатысушыларға бойы, салмағы, сондай-ақ отбасылық жағдайы ескеріліп, қатаң талаптар қойылады. Ал мекемеде өткен байқауда мұндай талаптардың болмауына байланысты оған кез келген қыз қатысуға ниет білдірді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай шаралар сотталғандардың шығармашылығын, өнерлерін шыңдауға үлкен септігін тигізеді», - дейді УК-161/11 мекемесінің психолог-маманы Динара Мадиярова.

Облыстық халық шығармашылығының өзіндік әрекеті және Қостанай қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының өкілдерінен құралған әділ қазылар алқасы жүлдегерлерді әртүрлі номинация («Нәзік ару», «Инабатты ару», «Сымбатты ару») бойынша анықтап, грамоталар мен сыйлықтар табыстады.

«Көктем аруы-2018» қыз сыны байқауының жеңімпазы болып алаяқтық әрекеті бойынша 8 жылға сотталған Жанар есімді ару атанды, ол француз және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды