Кемероводағы өрт: 13 баланың мүрдесін туыстары таныды

ҚазАқпарат
Марқұмдардың денелері туыстарына сейсенбі күні тапсырылады.

«Зимняя вишня» сауда үйіндегі өртте қаза тапқан 13 баланың денесін туыстары таныды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скворцованың айтуынша, қазір 25 адамның мәйіті анықталған. Марқұмдардың денелері туыстарына сейсенбі күні тапсырылады. Қазір сот медицина сарапшылары өрттен күйген денелерді генетикалық талдаулар арқылы анықтау үстінде.

«Мәскеуден арнайы келген мамандар мәйіттерді анықтап жатыр»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, қазір ауруханада жатқандардың ішіндегі ең жағдайы ауыр 11 жастағы бала. Сонымен бірге туыстары қаза тапқан 69 адам қатты күйзеліс, гипертоникалық жүрек ақауларымен ауруханаға түскен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды