Атыраулықтар Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын кигізді

ҚазАқпарат
Футболшының балаша қуанғанына қарағанда сыйлықтар оған ұнаған болуы керек.

Атыраулық кәсіпкерлер әлемнің әйгілі футболшыларының бірі Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу Швейцарияның Женева қаласында 24 наурыз күні болды. Кездесу барысында футболшыға сыйлықтар табыс етіліп, қазақтың шапаны көрсетілді. Біз Криштиануға Қазақстанды, қазақ халқының мәдениетін кеңінен таныстыратындай сыйлық жасағымыз келді. Сыйлықтардың арасында шапаннан басқа, Алтын адамның мүсіні, күміспен көмкерілген, ұлттық оюлармен өрнектелген белдік, қамшы мен өзге де заттар бар»,-деді кездесуге қатысқандардың бірі Алишер Өтепов.

«Футболшының балаша қуанғанына қарағанда сыйлықтар оған ұнаған болуы керек», - дейді олар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды