Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп үш адам ажал құшты

www.inform.kz
Наманган облысының тұрғыны әжетханаға ұялы телефонын түсіріп алып, көмекке көршісін шақырған. Шұңқырға түскен екі жігіт уланып, есінен танып қалады. Оларды шығарып алуға жастардың бірінің әкесі келген.

Өзбекстанның Наманган облысында әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алып шықпақ болған үш адам уланып өлді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Оқиға жексенбі күні, 25 наурызда болған. Сағат 22:00-де жергілікті тұрғын Б.Рахматов үйінің ауласындағы әжетханаға ұялы телефонын түсіріп алған.

Ол телефонды алып шығу үшін көршісі Э.Ниязовты шақырып келген, Рахматов оның көмегімен шұңқырға түсіп, сол жерде есінен танып қалған. Көршісі жолдасына көмектесу үшін соңынан түседі, ол да улы газдан есінен танып қалған. Ес-түссіз жатқан жігіттерді құтқаруға Рахматовтың әкесі келген, ол да газдан уланған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері шұңқырдан үш адамды шығарады. Ниязов пен Рахматов сол жерде көз жұмған, ал трагедияға кінәлінің әкесі ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, Х.Рахматов ауруханада есін жимастан қаза болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды