Күйеуімен сөзге келіп қалған павлодарлық келіншек терезеден секіріп кетті

zakon.kz
Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Павлодарлық полицейлер суицид оқиғасының себеп-салдарын анықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Оқиға 22 наурыз күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қаратаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ішімдікке мас болған 22 жастағы келіншек күйеуімен болған отбасылық кикілжіңнен кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында екінші қабаттан секіріп кетті»,-деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Терезеден секіріп жарақат алған Павлодар қаласының тұрғынын жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды