Қазақстанда электронды кеден іске қосылды

g.denik.cz
Автоматтандырылған жүйе кеден шараларын жеңілдетіп, әкімшілік шығынды қысқартады.

Қазақстанда "Астана-1" атты кедендік және салықтық басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік шараны қамтып, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген, сонымен бірге ҚР-ның басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпарат алмастыруға мүмкіндік береді", — деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылар бірыңғай ақпараттық платформада бола отырып, кез келген операцияны іске асыра алады – бастапқы ақпарат беруден бастап, тауардың шығарылуын қадағалауға дейін. Сонымен қатар бүкіл кедендік процесті автоматты түрде бақылауға мүмкіндік бар.

Жүйені қолданушылар тегін пайдалана алады, барлық кедендік операция интернетте жүзеге асады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды