Қостанай облысының су алаңдарында мұзды жару жұмыстары басталды

Хабар 24
Бұл тасқынға қарсы шаралар мұз көшу кезеңіне жеткенге дейін мұз жиналып қалмас үшін жүргізілуде.

Қостанай облысында тасқынсуға қарсы кезеңдегі жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау мақсатында өзендермен жасанды су алаңдарында жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл тасқынға қарсы шаралар мұз көшу кезеңіне жеткенге дейін мұз жиналып қалмас үшін жүргізілуде.

30 наурыз аудан орталығына жақын Қарасу өзенінде алғаш рет жарылыс ұйымдастырылды. 1 сәуірде Қарасу ауданында Зеленовка, Восток, Қарасу ауылдарына жақын Қарасу өзенінде тағы да жарылыс орын алды.

Су алаңдарында мұздарды бөлу белгіленген елді мекендерде көктемгі су тасу кезеңінде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін пайдалы.

Жалпы жару жұмысының көлемі 8 мың 900 текше метр мұзды құрады. Жару ауданында мұз қалыңдығы – 1 метр 20 см. Барлығы 116 су қоймасы бұрғыланды.

Жақын күнде аталмыш шара Таран және Жангелді аудандарының су алаңдарында жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды