Ақмола облысында ауылға барып, көлік тонағандар ұсталды

ҚазАқпарат
Белгісіз біреулер үй ауласында тұрған көлікті зақымдап, салон ішіндегі жеке заттарды қолды еткен.

Ақмола облысында бір түнде екі көлікті зақымдап, тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша оқиға 25 наурызда Бұланды ауданының Вознесенка ауылында болған. Зардап шегушінің айтуынша, белгісіз біреулер үй ауласында тұрған көлікті зақымдап, салон ішіндегі жеке заттарын үптеп кеткен.

«Көліктердің иесіне жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Оқиға орнына жеткен полицейлерге қылмысты із суытпай ашу мүмкін боламады. Дегенмен, кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында көп ұзамай Макинск қаласының екі тұрғыны ұсталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды