Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

f.azh.kz
Республиканың кей жерінде желдің күшеюі, тұман, оңтүстік бөлігінде дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 5 сәуірде Қазақстанның кей жерінде жаңбыр жауады, тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК синоптиктеріне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Отүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды