Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

muftyat.kz
Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері.

Парламент Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын» делінген жарлық мәтінінде.

Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған, қазақ, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. "Құрмет", "Парасат" ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды