Ақтөбеде лифтіге кіріп үлгермеген әйелдің аяғы ішінде қалып, жұлынып кетті

Sn.kz
Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады.

Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адам, аяғы жұлынып кетіп, алған жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Sn.kz.

Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген.

Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен. "Әйел лифтке үш жасар баламен кірген. Аяғы лифтінің арғы жағында қалып қалған. Есік жабылып кетіп, лифт бірден жүріп кеткен. Аяғы кесіп алынды. Бірақ әйелдің өмірін дәрігерлер аман алып қала алмады", - деді жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, аман-есен.

"Баланың жағдайы дұрыс. Құтқарушылар келіп, оны алып шықты", - деді Дастан Неталиева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды