Павлодарда Пахомов бейіттері өртеніп кетті

Baq.kz
Пахомов бейіттері – қаладағы ең көне бейіттердің бірі.

Бүгін түскі уақытта Пахомов бейіттері өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, бейіт аумағының төрттен үш бөлігі өртеніп кетті. Оқиға орнында үш өрт сөндіру көлігі жұмыс істеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бейіт күзетшісінің айтуынша, туысының бейіт басына келген адамның бірі қоқыстарды жинап, өртеген, соның салдарынан өрт шыққан. От жалыны құрғақ шөпке тиіп, ары қарай лаулап кеткен. Өрттің жайылып кетуіне соққан жел әсер еткен.

Ер адам отты өз бетімен өшіре алмаған. Бейіт басына келген басқа адамдар да өртті сөндіре алмай, оқиға орнына өрт сөндіру қызметін шақырады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Оның себебі мен келген зиян мөлшері анықталуда.

Еске сала кетсек, Пахомов бейіттері – қаладағы ең көне бейіттердің бірі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды