"Қарағанды аруы" полицияға тіл тигізгені үшін сот алдында жауап беруі мүмкін

Тoday.kz
Анықталғандай, бойжеткенді жол-патрульдік полициясы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан.

"Қарағанды аруы – 2015" тәжін жеңіп алған Рената Нұрғазина полицияға тіл тигізгені үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz.

Анықталғандай, бойжеткенді жол-патрульдік полициясы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хат толтырып жатқан полицияны сұлулар байқауының жүлдегері ұялы телефонының камерасына түсіріп, оған балағат сөз қосып, түсірілген видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Рената Нұрғазинаның оқырмандарының бірі видеоны ІІД-ге жіберіп, полициядан тексеруді сұраған. Роликті жіті тексерген тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Өз міндетін атқарып жатқан билік өкіліне тіл тигізгені үшін" бабымен Қарағандының ең әдемі аруы тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды